Қазақстан Қорғаныс министрі Бейжіңде ХІ-ші Сяншань форумының ашылу салтанатына қатысты
00:10, 14 Қыркүйек 2024
БЕЙЖІҢ. KAZINFORM — Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі адмирал Дун Цзюньнің шақыруымен Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов бастаған Қазақстанның әскери делегациясы халықаралық қауіпсіздік жөніндегі «Сяншань» форумының жұмысына қатысты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Форум аясында ҚХР және Моңғолия қорғаныс ведомстволарының басшыларымен және ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары генерал-полковник Чжан Юсямен екіжақты жұмыс кездесулері өткізілді», — делінген хабарламада.
Сапар барысында бірқатар қорғаныс нысандарына бару жоспарланған.