Қазақстан Қорғаныс министрі Бейжіңде ХІ-ші Сяншань форумының ашылу салтанатына қатысты

БЕЙЖІҢ. KAZINFORM — Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі адмирал Дун Цзюньнің шақыруымен Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов бастаған Қазақстанның әскери делегациясы халықаралық қауіпсіздік жөніндегі «Сяншань» форумының жұмысына қатысты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

«Форум аясында ҚХР және Моңғолия қорғаныс ведомстволарының басшыларымен және ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары генерал-полковник Чжан Юсямен екіжақты жұмыс кездесулері өткізілді», — делінген хабарламада.

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Сапар барысында бірқатар қорғаныс нысандарына бару жоспарланған.

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі