Қытай тарапы бұл жүйені 2017 жылғы 1 маусымда іске қосты. Отырыста құбыр арқылы көмірсутек экспорттау және импорттауды кедендік бақылау бойынша ынтымақтастық, Қазақстанда 2018 жылы екі елдің кинолог мамандарының бірлескен жаттығуларын өткізу мәселелері талқыланды.
Қазақстандық шекарашылар қытайлық әріптестерін шекарада сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары үшін қолайлы жағдай жасау шаралары, «Қалжат» өткізу бекетінде көлік-логистикалық орталықтың ашылуы жайлы хабардар етті.
Тараптар осыған дейін қабылданған «Қытай-Еуропа» бағытымен (51 маршруттың 33-і Қазақстан аумағынан өтеді) халықаралық теміржол қатынастарының шекарадан өтуін жеңілдету шараларына, сондай-ақ «Алтынкөл» теміржол өткізу бекетінің тәуліктік жұмыс режиміне оң баға берді. Ағымдағы жылы шекаралық кедендік органдардың арасында электронды ақпарат алмасу іске асырылды, «Жасыл дәліз» жобасы сәтті жүзеге асырылып, трансшекаралық қылмыс және қару контрабандасына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық нығайып келеді.