Қазақстан көрші елдерден жеткізілген өнімдерді кері қайтарды
Атап айтқанда, Ресейден карантинге жатқызылған бірқатар өнімді әкелу кезінде ( сәбіз - 3,5 тонна, кесілген ағаш өнімдері - 36 текше метр , қызанақ - 9,5 тонна) экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің фитосанитариялық сертификаты ұсынылмаған. Сонымен бірге, 18 тонна жасымық жарамсыз сертификатпен тасымалданды.
Ал Қырғызстаннан жеткізілген картоп пен жүзімде фитосанитарлық сертифакат болмаған. Сонымен қатар, осы елден тасымалданған өнім партияларында (нектарин - 6,4 тонна, жүзім - 11,2 тонна, құлпынай - 2 тонна, таңқурай - 1,6 тонна, өрік - 18 тонна) тиісті таңбалық белгілер көрсетілмеген. Бұдан бөлек, өнімді әкелу кезінде (шабдалы - 7,1 тонна) карантинге жатқызылған объекті - Комсток сымыры (Pseudococcus comstocki (Kuwana)) анықталды.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар анықтаған жоғарыда аталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қата, бұл өнімдер экспорттаған ел аумағына қайтарылды.