АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына бүгін тағы бір спортшымыз жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол шана спортынан Қазақстан құрамасының мүшесі Никита Копыренко. Шана спортынан Оңтүстік Кореяда 12 медаль сарапқа салынады.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстан спортшылары спорттың 4 түрінен 33 жолдама жеңіп алған болатын. Міне енді Копыренко бесінші спорт түрінен 34-ші жолдаманы иеленді.
Қазақ спортшылары Пхенчхан қаласында тоғыз спорт түрінен өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Олимпиадада жалпы спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Төртжылдық дода ақпан айының 9-25 күндері аралығында өтеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.