АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Арина Гладышева Азия чемпионатында 3000 метрге жүгіруден 10.09.76 нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Күміс» жүлдені 400 метр қашықтықта кедергілер арқылы жүгіруден көзге түскен қазақстандық Анастасия Колода жеңіп алды.
Бұл Кувейттегі Азия чемпионатындағы Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль. Бұған дейін ұлттық құраманың бірінші «алтынын» Сабрина Арзиева әкелген болатын. Ол 5000 метрге жүгіруден үздік атанды.
Фото: facebook.com/qazathletics
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.