Қазақстан Көшпенділер ойындарында 69 медальмен екінші орынды иеленді

БІШКЕК. ҚазАқпарат -  Қырғызстанда өткен ІІІ Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан 69 медальмен екінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабарға сілтеме жасап.

Қырғызстан құрамасы медаль есебі бойынша бірінші орыннан көрінді - команда қанжығасында 100 медаль. Оның ішінде 40 алтын, 30 күміс және 30 қола медаль бар.

Өзгеше ойын өрнегін көрсеткен Қазақстан құрамасы 16 алтын, 24 күміс және 29 қола медальмен екінші орынға тұрақтады. Үшінші орында - ресейлік команда. РФ спортшылары 16 алтын, 11 күміс, 25 қола - барлығы 52 медаль еншіледі.

Төртінші орын Түрікменстанға (27 медаль - 10 алтын, 5 күміс, 12 қола) бұйырды. Ал Өзбекстан командасы 33 медальмен (7 алтын, 8 күміс, 18 қола) үздік бестікті түйіндеді.