Қазақстандық спортшы Оксана Письменная (75 кг) қарсыластарына бет қаратпай, финалға шықты. Онда венгриялық Бригитта Иванфиді жеңіп, Қазақстан қоржынына ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы алтын медалін салды.
Армрестлингтен күш сынасқан өзге жерлестеріміз - Вали Фараджов (75 кг), Антонина Лисянская ( 75 кг), Олег Сазонов (105 кг), Андрей Стипанчук (95 кг) және Димитрий Трубиндер ( 105 кг) де финалға жолдама алған.