Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындары Қырғызстанда Ыстықкөл жағасында 3-8 қыркүйек аралығында өтті. Жарысқа спорттың 25 түрі бойынша әлемнің 60-тан аса мемлекеті қатысты.
Ойын аясында Ыстықкөл облысы Кырчын жайлауында «Дүние жүзі көшпенділері» этнофестивалі өтті.
«Медаль саны бойынша бірінші орынды Қырғызстан құрамасы алды. Оларда барлығы 79 медаль, оның 25-і алтын. Екінші орынға 15 алтын медаль алған Түркіменстан ие болды. Ал Қазақстан 12 алтын медаль ұтып алып, үшінші орын иеленді», - деп жазылған хабарламада.
Ресей командасы 4-орын алса, одан кейінгі орындарға Әзербайжан мен Иран жайғасты. Спорттың әр түрі бойынша медальды 30 елдің спортшылары иеленді.
Мемлекеттік агенттік директоры Қанат Аманқұловтың айтуынша, Көшпенділердің Бүкіләлемдік ойындарында әлемнің 62 мемлекетінен 1 000 спортшы қатысқан. Оларға жергілікті төрешілермен бірге 60-тан аса шетелдік төрешілер қызмет көрсетті.