Қазақстан КРО-да елдің ұлттық мүддесін жақтауды одан әрі жалғастырады - ҚР Премьер-Министрі

None
АТЫРАУ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Қазақстан Karachaganak Petroleum Operating B.V. (КРО) компаниясымен келіссөздерде өзінің ұлттық мүдделерін жақтайды.

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов аймақтың мұнай өндіруші компаниялары басшыларымен кеңестен кейін журналистерге мәлім етті.

«Қазіргі сәтте келіссөздер жалғастырылуда, сондықтан да бұл мәселеге түсінік беріп жатпаймын. Егер сіздердің естеріңізде болса, 2007 жылы біз осы жерде Қашаған кенішіне байланысты мәселені талқыладық. Ол Қазақстанның мүддесіне шешілді», - деді К.Мәсімов.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, ел Үкіметі Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан Karachaganak Petroleum Operating B.V. компаниясымен осы ірі жобаға 10 пайызға дейінгі үлесті сатып алып қатысу жөнінде келіссөздер жүргізуде.