Қазақстан Кубамен дәрі-дәрмек шығаратын бірлескен кәсіпорын құруға мүдделі

None
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Кубамен дәрі-дәрмек шығаратын бірлескен кәсіпорын құруға мүдделі.

Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға жаңадан тағайындалған бірқатар шетел елшісінен Сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

« Қазақстан мен Куба арасындағы қарым-қатынастар әрдайым достық сипатта дамып келеді. Куба 1990 жылы Қазақстанда өз елшілігін ашқан алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Сол үшін біз ризамыз»,-деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, екі ал арасында туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастықты дамыту өз жалғасын табуда.

«Кубаның медицина, фармацевтика салаларындағы озық технологиялары да мәлім. Біз медициналық дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорындар құруға мүдделіміз»,-деді Н. Назарбаев.