Қазақстан кубогында үздік семсерлесушілер анықталды

Фото: ҚР ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан кубогы аясында семсер қаруымен айқасудан әйелдер арасында үздіктер анықталды.

Дарья Самоделкина алтын медаль иеленді. ҚР ҰОК мәліметінше, күміс жүлде София Николайчукке бұйырды.

Үшінші орынға Ульяна Писцова мен Наталья Зинякова тұрақтады.

Барлық спортшы Алматы командасының намысын қорғады.

Айта кетейік, Алматының Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында шахматтан кадеттер (U8, U10, U12) арасындағы әлем чемпионаты басталды. Жарыс 30 қыркүйекке дейін жалғасады.