АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл атлетикадан Өскемен қаласында өтіп жатқан Қазақстан кубогының бірінші кезеңінде 800 метрге жүгіруден жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған шақырымда ерлер арасында Думан Ғабдығалиев, әйелдерден Евгения Фандюшина бас жүлдені жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Қазақстан кубогы, бірінші кезең. Өскемен.
800 метрге жүгіру, ерлер:
1. Думан Габдыгалиев (Қарағанды обл.) - 1:53.3;
2. Евгений Архипов (ШҚО) - 1:53.7;
3. Дамир Ахметов (Қарағанды обл.) - 1:54.3.
800 метрге жүгіру, әйелдер:
1. Евгения Фандюшина (Павлодар обл) - 2:11.88;
2. Варвара Лисичкина (Қарағанды область) - 2:12.82;
3. Мерджен Ишангулиева (Алматы) - 2:17.78.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.