Алматылық «Қайрат» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдап, кеншілер қаласының ойыншыларын айқын басымдылықпен ұтты - 2:0. Қарымта кездесу 24 қыркүйекте Қарағандыда өтеді.
Ал, сырт алаңда «Ақтөбе» футбол командасымен бақ сынасқан елордалық «Астана» тең нәтижені қанағат тұтты. Есеп - 1:1. Қос команданың 24 қыркүйекте Астанада өтетін қарымта кездесуде қай жеңгені ақтық сынға жолдама алады.
Айта кетейік, «Астана» мен «Ақтөбе» командалары 21 тамыз, бейсенбі күні Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде бақ сынайды. «Ақтөбе» польшалық «Легиямен» тәжікелессе, «Астана» мен испандық "Вильярреал" екеуі өзара мықтыны анықтайды.