АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде Ольга Рыпакова атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогы аясында ұзындыққа секіруден жарыстар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл сында ерлер арасында Оңтүстік Қазақстан облысының атлеті Владимир Потоцкий (7,08 м) бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Алексей Пономарев (6,92 м) ие болса, үздік үштікті Қарағанды облысының атлеті Александр Киселев (6,87 м) түйіндеді.
Әйелдер арасында бас жүлдені қарағандылық Мария Овчинникова (5, 63 м) қанжығасына байласа, «күмісті» Алматы қаласының атлеті Марина Хусейнова (5,61 м) жеңіп алды. Қола медаль маңғыстаулық атлет Надежда Кирностың (5, 58 м) еншісінде.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.