Павлодарда өткен алғашқы матчта «кеншілер» жергілікті «Ертіске 0:1 есебімен жол берген болатын. Сондықтан өз алаңында салған жерден лап берген қарағандылықтар сапында 38-минутта капитан Андрей Финонченко есеп ашты. Екінші таймда негізгі уақыт аяқталуға бес минут қалғанда Симчевич қарсыластар қақпасын дәл көздеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан кубогының финалы 10 қараша күні «Астана-Арена» стадионында өтеді. Ел кубогын қарағандылық «Шахтер» мен «Тараз» сарапқа салады. Ойынды KazSport телеарнасы көрсетеді.