Жеребе тарту қорытындысы бойынша алматылық «Қайрат» пен қарағандылық «Шахтер» өзара мықтыны анықтайды. Ал, «Ақтөбе» мен «Астана» бұл кезеңнің келесі жұбы деп танылды.
Ақтық сынға жолдаманы сарапқа салатын айтулы бәсекенің алғашқы кездесулері 16 тамызда өтетін болды. Ал, қарымта кездесу 24-25 қыркүйекке жоспарланып отыр.