НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан кубогының ширек финалдық бәсекесінде «Тараз» өз алаңында Қарағандының «Шахтер» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Матч өте тартысты өтті.
Екінші таймда 66-минутта қонақтардан Роман Муртазаев есеп ашты. Әйтсе де екі минуттан кейін Абылайхан Жұмабек таразы басын теңестірді.
Қосымша екі тайм да жеңімпазды анықтай алған жоқ. Пенальти сериясында «Тараз» 4;2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, тараздықтар 19 қазанда Орадда жартылай финалдық матчта «Ақжайықпен» ойнайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Алматыда «Қайратты» жеңген «Ақжайықтыі» Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).