«Күллі мұсылман үшін қасиетті Рамазан айында террористік актілердің белсенді бола түсуі лаңкестік топтардың жалпы қабылданған Ислам құндылықтарымен қандай да бір байланыстарының жоқ екенін тағы да айғақтайды. Әрі террористердің ұлты да, діни нанымы да жоқ деген мәлімдемелерді растай түседі. Қазақстан жоғарыда аталған мемлекеттер билігінің халықаралық терроризм және экстрмизммен күресін күшейтуіне толық қолдау білдіреді және халықаралық қауымдастықты осындай құбылыспен күресуге батыл әрі кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырады», - делінген Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде.
«Бүкіл әлемде террористік қылмыстық әрекеттер белең алған тұста біз халықаралық қауымдастықты БҰҰ қамқорлығы аясында жаһандық антитеррористік коалицияны құруды жеделдетуге шақырамыз. Террористік актілерден қаза болғандардың отбасыларына, жақындарына қайғыларына ортақтаса көңіл айтып, терактіден жапа шеккендердің тезірек сауығуын тілейміз», - делінген мәлімдемеде.