Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

АСТАНА. KAZINFORM — Будапештте (Венгрия) әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр.

Фото: ҰОК

Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Спортшыларымыз акробатикалық бағдарламада екінші орын иеленді. Қазақстан құрамасы 203,0926 ұпай жинады.

Бұл бағдарламада еліміздің намысын Ясмина Исламова, Даяна Джаманчалова, София Ичшенко, Мақпал Қалмұрза, Полина Мерзлякова, Алдияр Рамазанов, Айғаным Саим, Анастасия Воронкова, Тахмина Заирова және Салима Ақылбек қорғады.

Бірінші орынды 232,2147 ұпай жинаған Ресей құрамасы иеленді. Үшінші орын Беларусь спортшыларына бұйырды – 200,9777 ұпай.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір үш медаль бар. Бұған дейін Виктор Друзин үшінші орын алса, Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов күміс жүлдеге ие болған еді.

Айта кетелік Қазақстан көркем жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші медалін жеңіп алған еді.