Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Жапонияның Номи қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдеге ие болды. Бұл туралы ҰОК хабарлады. 

Фото: ҰОК

Құрлықтық жарыстың жүлдегерлері қатарына Ясмина Тоқсанбаева енді. Ол спорттық жүрісте екінші орын алды.

Жартылай марафон қашықтығында қазақстандық спортшы екінші болып мәреге жетті. Ясмина Тоқсанбаеваның нәтижесі - 1:37:17.

Қытайлық Чжан Тин жарыс жеңімпазы атанды - 1:36:18. Ал қола медальді тағы бір Қытай спортшысы Лю Хайянь иеленді - 1:38:45. 

Айта кетелік Таиландтағы турнирде Қазақстан құрамасы екінші алтын медаль алды