АСТАНА. KAZINFORM - Астанада Билли Джин Кинг кубогы аясында Қазақстан мен Корея плей-офф матчында есеп 3:0-ге жетті.
Сайыстың екінші күні кортқа Елена Рыбакинаның орнына әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева шықты.
Ол дүниежүзілік рейтингіде 418-орында тұрған Ку Ен Вумен шеберлік байқасты.
Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді.
Бір сағат 41 минутқа созылған бәсеке барысында Путинцева 3 эйс эйспен бірге 13 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Ку Ен Ву 4 брейкпен (11 брейк-пойнт) шектелді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы қалған ойындардың нәтижесіне қарамастан, алдағы жылы сәуірде өтетін Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан - Корея матчында Елена Рыбакинаның есепті 2:0-ге жеткізгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).