Қазақстан құрамасы дзюдодан әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы дзюдодан Будапештте (Мажарстан) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жорығын аяқтады. 

Шешуші әрі соңғы сайыс түрі – аралас командалар арасындағы бәсеке болды. 

Алғашқы кезеңде Қазақстан ұлттық құрамасының балуандары Бразилия командасымен шеберлік байқасты. Сайыс қорытындысы бойынша бразилиялықтар 0:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы бұл әлем чемпионатын жалғыз жүлдемен аяқтады. Турнирдің бірінші күнінде Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионатында 6 медаль алғанын жазған едік.