Қазақстан құрамасы дзюдодан әлем чемпионатының екінші күнінде жүлдесіз қалды

Фото: ҚР ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күнінде жүлде алмады. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Еске салайық, 14 маусымда ел намысын тек Ғұсман Қырғызбаев қорғады.

Ол ширек финалда жеңіліп, жұбаныш белдесуінде өнер көрсетті.

Егер бұл белдесуде жеңіске жетсе, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алар еді.

Алайда Қырғызбаев қос бірдей Олимпиада чемпионы, жапониялық Хифуми Абэден айласын асыра алмады.

Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде бір ғана жүлде бар. Бір күн бұрын 48 келі салмақта Әбиба Әбужақынова күміс медаль иеленген болатын.