Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия чемпионатында қола медаль үшін күреседі

Фото: Фото: olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM – 28 сәуірде Бангкок (Таиланд) қаласында дзюдодан Азия чемпионатының соңғы күні өтіп жатыр.

ҚР ҰОК мәліметінше, соңғы медальдар аралас командалық жарыстарда сарапқа салынады.

Қазақстан құрамасы үшінші орын үшін бақ сынайды. 1/4 финалда қазақстандық дзюдошылар Моңғолия командасынан жеңіліп қалды.

Жұбаныш белдесуінде Қазақстан Қырғызстаннан басым түсіп, жарыс күнінің финалдық кезеңіне жолдама алды.

Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.