Рыбакина құрама тізімінде болған, бірақ матч күні өзін жайсыз сезінгендіктен аустралиялықтармен кездесуде командасына көмектесе алмайтыны белгілі болды. Шведова Рыбакинаның денсаулығына қатысты мәселелер бар екенін растап, жағдайы Канкундегі WTA қорытынды турнирінен кейін қиындап кеткенін айтты.
«Канкундегі ойынды, оған дайындық дәрежесі қандай болғанын бәрі біледі деп ойлаймын. Ойыншыларға оңай соқпады, осы турнирден кейін теннисшілердің көбі жарақат алып, денсаулық жағдайлары қиындап кетті. Елена - турнирден кейін ауырып қалған бірнеше ойыншының бірі. Ол арқасында ауыртпалық бар екенін сезген. Тез арада жазылып, қатарға қосылады, тіпті бұрынғыдан да күшті болып оралады деп үміттенемін», - деді Шведова.