Қазақстан құрамасы еркін күрестен әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Фото: Фото: t.me/sporttime_kz

Қазақстан әйелдер құрамасы Тиранада (Албания) өтіп жатқан еркін күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды. Kazinform бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

53 келіге дейінгі салмақта Алтын Шағаева қола жүлде жеңіп алды. Сондай-ақ бұл салмақта украиналық Лилия Маланчук та қола жүлдегер атанса, Молдова өкілі Мариана Драгутан күміс, жапондық Мако Ооно алтын медаль алды.

62 келіге дейінгі салмақта да Қазақстан құрамасы қола жүлдені еншіледі: бұл медальді ел қоржынына Ирина Кузнецова салды. Бұл салмақта ресейлік Алина Касабиева қола, украиндық спортшы Ирина Бондар күміс, жапондық Юдзука Инагаки алтын медаль жеңіп алды.