Қазақстан құрамасы физикадан IPHO 2024 халықаралық олимпиадасында бес жүлде жеңіп алды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — Иранның Исфахан қаласында өткен физика пәні бойынша халықаралық олимпиада (IPHO-2024) өз мәресіне жетті.  

Қазақстан құрама командасы төрт күміс және бір қола медаль иеленіп, 100% көрсеткішке қол жеткізді.

  • Марғұлан Нұрсағатов — Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Досжан Бисимби — Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
  • Артур Ким — Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
  • Әмір Пшенбаев — Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
  • Илияс Қазымбек — Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Құрама команданың жетекшілері — PhD докторы, SDU University доценті Самат Мақсұтов және SDU University физика пәні мұғалімі Назарали Айтжанов.

«Қазақстан құрамасын, мектеп ұжымдары мен ата-аналарды айтулы жеңіспен құттықтаймыз» дейді Оқу-ағарту министрлігінен.