Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Румыниядағы турнирге қатысады
14:41, 17 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM – 25-27 шілде аралығында Румынияның Клуж-Напока қаласында көркем гимнастикадан World Challenge Cup турнирі өтеді.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, аталмыш турнирге Қазақстан құрамасы да қатысады.
Жекелей сайыстарда Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова бақ сынайды.
Ал топтық жаттығуларға қатысатын қазақстандықтардың тізімі төмендегідей:
- Айда Хәкімжанова
- Айзере Кеңес
- Жасмин Жүнісбаева
- Кристина Чепульская
- Айзере Нұрмағамбетова
- Мадина Мырзабай
Айта кетейік, аталған Әлем кубогы Бразилияда өтетін әлем чемпионатының алдындағы соңғы жарыс болмақ.
Осыған дейін Жапониядағы Азия ойындарының спорттық бағдарламасы бекітілгенін хабарлаған едік.