АСТАНА. KAZINFORM - Көркем жүзуден әлем кубогы кезеңінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар әлемдік рейтингте 2-орынды иеленді.
Қытайда көркем жүзуден әлем кубогының соңғы кезеңі өтіп жатыр. Алғашқы кезең Францияда, екіншісі Египетте, үшіншісі Канадада болды. Қорытынды кезеңді Қытайдың Сиань қаласы қабылдады.
Әлем кубогының төрт кезеңінің қорытындысымен Қазақстан әйелдер құрамасы (Ясмин Тұяқова, Арина Пушкина, Даяна Жаманчалова) әлемдік рейтингте екінші орынға табан тіреді.
Аталған жарысқа еліміздің атынан 14 спортшы аттанды. Дүбірлі додада 16 елден 125 адам жүлделерді сарапқа салып жатыр.
Еске салсақ, қазақстандық спортшылар Францияда көркем жүзуден өткен әлем кубогында алтын медаль алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.