Қазақстан құрамасы кёрлингтен әлем чемпионатында тарихи нәтиже көрсетті
22:14, 17 Қазан 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан кёрлингтен әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Шотландияның Абердин қаласында өтіп жатқан аралас командалар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи нәтиже көрсетті.
Е тобындағы 6-турда Украина құрамасын 8-7 есебімен жеңіп, алғаш рет плей-оффқа шықты.
Команда құрамында: Абылайхан Жүзбай, Тылсымай Аллиярова, Айдос Аллияр, Мерей Тастемір.
Алда Бельгиямен кездесу, кейін 1/8 финал. Финал 19 қазанда өтеді.
Бұған дейін Будвадағы (Черногория) чемпионатқа қатысатын әйелдер боксы бойынша жастар арасындағы Қазақстан командасының тізімі анықталғанын жазған болатынбыз.