Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Фото: ҚР ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Үндістанның Дели қаласында нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы екі медальмен көзге түсті. ҚР ҰОК мәліметінше, Валерий Рахымжан 10 метрден пневматикалық тапаншамен атудан күміс жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар отандастарымыз командалық сайыстың нәтижесінде қола жүлдегер атанды. Құрама сапында Валерий Рахымжан, Кирилл Федькин, Эльдар Иманқұлов ел намысын қорғады.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде түсті.

Айта кетейік, Қазақстан таеквондодан БАӘ-де өтіп жатқан турнирде 3 медаль алды.

Биыл елімізде 20-дан астам ірі халықаралық жарыс өтеді.