Екінші жарыс күні қазақстандықтар 6 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды.
J1 санатында Динара Кужулова (70 келі), Абылай Әділбеков (95 келі) және Ерлан Өтепов ( 95 келі) жеңімпаз атанды. Ал J2 санаты бойынша Ерлан Конкиев (95 келі), Жұқамырза Шүкірбеков ( 95 келі) және Айдана Ғазизқызы ( 70 келі) чемпион болды.
Сондай-ақ, отандасымыз Талғат Әжғалиев (J2 - 95 келі) және Бағланбек Оңалбек (J1 - 95 келі) қола медаль жеңіп алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы есепте 14 медальмен (6 алтын, 4 күміс, 4 Қола) бірінші орыннан көрінді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, жарысының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды.
Айтулы додаға 15 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр, олар 10 салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салады.