Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогының финалына шықты
19:44, 18 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Садақ атудан Сингапурда өтіп жатқан Азия кубогының кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы финалға жолдама алды.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, блоктық садақ атудан командалық сында ел намысын Андрей Тютюн, Ділмұхамед Мұса және Бунед Мирзаметов қорғап жатыр.
Ширек финалда ұлттық құрама Филиппин командасынан 229:223 есебімен басым түсті.
Ал жартылай финалда мергендеріміз Малайзияны бір ұпай айырмашылығымен – 232:231 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, финалда Қазақстан құрамасы Үндістанмен кездеседі.
Бұған дейін Қазақстан садақ атудан Азия кубогының кезеңінде қола жүлде еншілегенін жазған едік.