Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, блоктық садақ атудан командалық сында ел намысын Андрей Тютюн, Ділмұхамед Мұса және Бунед Мирзаметов қорғап жатыр.
Ширек финалда ұлттық құрама Филиппин командасынан 229:223 есебімен басым түсті.
Ал жартылай финалда мергендеріміз Малайзияны бір ұпай айырмашылығымен – 232:231 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, финалда Қазақстан құрамасы Үндістанмен кездеседі.
Бұған дейін Қазақстан садақ атудан Азия кубогының кезеңінде қола жүлде еншілегенін жазған едік.