Қазақстан құрамасы семсерлесуден Әлем кубогында жүлдегер атанды

Фото: Фото: olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Рапирамен семсерлесуден Қазақстан құрамасы Фуджейрада өтіп жатқан әлем кубогында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық олимпиадалық комитет.

Жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында Қазақстан атынан төмендегі спортшылар өнер көрсетті:

- София Ақтаева

- Алена Гноева

- Алина Искандерова

- Алуа Нұрқанова

Отандастарымыз қола жүлде үшін Чехиямен кездесіп, 45:31 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін София Ақтаева жекелей сында алтын медаль иеленген еді.