Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогінде алтылыққа кірді

Шпагадан Қазақстан ерлер командасы Ванкувердегі (Канада) әлем кубогінде сәтті өнер көрсетті, Kazinform.  

Фото: olympic.kz

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, командалық жарыста қазақстандықтар алтыншы орын алды.

Алтынды Жапония, күмісті Италия, қоланы Венесуэла еншілеген.

Жекелей сында Руслан Курбанов ондыққа енді.