Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, финалдың алғашқы күні тіреніп секіру сайысында Дарья Ясинская жаттығуын тамаша орындап, топ жарды. Ұпай саны - 13.166. Бұл – 20 жастағы Дарьяның Әлем Кубогындағы алғашқы жүлдесі.
Осыдан кейін тіреніп секіруден ерлер арасындағы сында Асан Салимов қарсыластарынан үздік шықты. Оның ұпайы - 14.300.
Ал тұтқалы ат снарядында финалға шыққан Азиз Ильясов 4-орынға, керме жаттығуында Диас Тойшыбек 5-сатыға тұрақтады.
Айта кетейік, осымен 2024 жылға жоспарланған Challenge Cup series жарыстары аяқталды. Биыл әлем кубогы Анталья, Осиек, Варна, Копер және Сомбатхей қаласында өтті.
Бұған дейін Зарина Дияс әлемдік рейтингіде жоғары көтерілгенін жазған болатынбыз.