Қазақстан құрамасы спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында 3 медаль жеңіп алды
12:06, 08 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM – 8 маусымда Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының шеуші бәсекесі өтіп жатыр.
Жарыс аясында жасөспірімдер арасындағы финалдық бәсекелер мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды.
Қос қазақстандық спортшы ат снарядындағы жаттығуда өнер көрсетті. Роман Хегай төрешілердің шешімімен 13.800 ұпай жинаса, Нұртан Ыдырысов 12.866 ұпайға ие болды. Үздік үштікті жапониялық Харутоши Очаи 12.666 ұпаймен түйіндеді.
Сондай-ақ Ыдырысов қоссырықтағы жаттығуларда ең үздік нәтиже көрсетіп, 13.933 ұпайға ие болды.
Айта кетейік, жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыста үшінші орын алды.