Қазақстан құрамасы – стенд атудан Азия чемпионатының жүлдегері
15:55, 27 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеу мен стенд атудан XVI Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті.
Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, трап жаттығуында аралас командалық сайыста Қазақстан-1 командасы сапында Әлішер Айсалбаев пен Айжан Досмағамбетова Үндістан-2 құрамасынан басым түсті. Есеп: 38-34.
Тағы бір қола жүлдеге Қытайдың Тайпейі қол жеткізді. Алтынды Қытай-2 мен Кувейт-1 командасы сарапқа салып жатыр.
Айта кетейік, бұл Әлішер үшін сары құрлық бәсекесінің алғашқы, ал Айжан үшін екінші медалі.
Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеу мен стенд атудан XVI Азия чемпионатында тағы бір отандасымыз ақтық сында бақ сынаған еді.