Үшінші кездесуде қазақстандық спортшылар Уругвай құрамасын ірі есеппен жеңді. Матч 22:5 есебімен аяқталды.
ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Сасин кездесудің үздік ойыншысы атанды.
Бүгін, 6 тамызда, Қазақстан құрамасы Түркиямен кездеседі.
Еске салсақ, әлем чемпионатының алғашқы матчында ұлттық құрама Мысырға есе жіберсе, екінші ойында Сингапурдан басым түсті.
Қазақстан жүзуден АҚШ-тағы халықаралық турнирде 17 медаль жеңіп алғанын жазған едік.