АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өткен таэквондодан «World Taekwondo Diamond Game 2025 G-4» турнирінде беделді жарыста Қазақстан құрамасы аралас командалық сында күміс алды.
Жарыс барысында ұлттық құрама алдымен Францияны 2:0, кейін Өзбекстанның A құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, финалға шықты. Алайда шешуші кездесуде Өзбекстанның B құрамасына 0:2 есебімен есе жіберіп, турнирді күміс медальмен аяқтады.
Ел құрамасының сапында Мерген Ганиев, Абдурахмон Марипов, Камила Аймукашева және Аида Таукенова ел намысын қорғады.
Айта кетсек, аралас командалық жарысқа барлығы 13 құрама қатысты.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстандық спортшылар таэквондодан Аустриядағы турнирде төрт медаль алды.
Қазақстан жасөспірімдер мен жастар құрамасы халықаралық додадан 1 алтын, 3 қола жүлде жеңіп алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.