Ұлттық құрама балуандары бұл байрақты бәсекеде бір қола медаль жеңіп алды.
ҚР ҰОК мәліметінше, 60 келіге дейінгі салмақта Нұраділ Әлжан жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Сондай-ақ Асқар Нарқұлов (81 келіге дейін) және Даниил Крылов (90 келіге дейін) қола жүлде үшін өткен белдесуде жеңіліп қалды. Осылайша қос балуан жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, 1 мамырда Тәжікстанның Душанбе қаласында дзюдодан «Үлкен дулыға» турнирі басталған еді.