Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Германиядағы жарысқа қатысады
16:25, 28 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Германияда өтетін Bahnen-Tournee атты халықаралық жарыстар сериясында бақ сынайды. Бұл туралы ҰОК хабарлады.
Отандастарымыз төменде көрсетілген кезеңдерде бақ сынайды:
– Bahnen-Tournee –31 мамыр – 1 маусым
– Oberhausener Nachtrennen – 6 маусым
– Bahnen-Tournee Darmstadt – 7-8 маусым
– Dudenhofen – 9 маусым
Қазақстан командасының құрамы:
Темптік жарыстар:
– Рамис Дінмұхамедов
– Әлішер Жұмақан
– Илья Карабутов
Спринтерлік жарыстар:
– Андрей Чугай
– Кирилл Курдиди
– Рамазан Мұхтар
– Данияр Шаяхметов
Еске салсақ, бұдан бұрын Мароккодағы каратэден Премьер-лига жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болғанын жазған едік.