Қазақстан құрамасынан бес дзюдошы Азия ойындарының финалына шықты

Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында дзюдодан Қазақстан құрамасының бес өкілі алтын медаль үшін күреседі.

Финалға шыққан спортшылар тізімі:

50 келіге дейін: Әділжан Нұрбекен

55 келіге дейін: Аслан Ерғалиев

48 келіге дейін: Алуа Балтабай

66 келіге дейін: Бекәлі Еркен

52 келіге дейін: Фатима Сұпығалиева

ҚР ҰОК мәліметінше, Інжу Сахабадин (44 келіге дейін) мен Әдия Жанахмет (40 келіге дейін) қола жүлде үшін белдеседі.

Айта кетейік, Абдулла Батырбек жасөспірімдер Азиадасында алтынға таласады.

Балуан Сания Сұлтанғали жасөспірімдер Азиадасында күміс медаль алды.