Қазақстан құрамасынан жеті боксшы U19 әлем чемпионатының ширек финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымдастыруымен бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Фото: ҚР ҰОК

1/8 финалдың қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер құрамасының жеті өкілі ширек финалға жолдама алды.

ҚР ҰОК мәліметінше, Әділ Асқанбай (50 келі), Айдос Үсенов (55 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі), Ақжүрек Қалабай (65 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Еркетаң Жарқынбек (90 келі), Владислав Саможонов ( 90 келі) жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 27 қазанға дейін жалғасады.

Азия Пара ойындарында Қазақстанның қоржынына төрт жүлде қосылғанын жазған едік.