Су добынан ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы А тобына түсті. Отандастарымыз топтық кезеңде Таиланд, Жапония және Гонконг құрамаларымен кездеседі. Әйелдер құрамасы Қытай, Жапония, Сингапур, Таиланд және Өзбекстан командаларына қарсы ойнайды.
Гандболдан ерлер арасындағы сайыста Қазақстан құрамасы В тобында Бахрейн, Кувейт, Оңтүстік Корея және Иран құрамаларымен сынға түседі. Әйелдер құрамасының қарсыластары — Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Гонконг, Өзбекстан және Вьетнам.
Регби-7 бойынша ерлер құрамасы В тобында Жапония, Таиланд және Оңтүстік Корея құрамаларымен кездеседі. Әйелдер құрамасы D тобында Жапония, Таиланд және Сингапур командаларына қарсы ойын өткізеді.
Көгалдағы хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы А тобына түсті. Енді олар келесі кезеңге жолдама алу үшін Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, Қытай Тайбэйі және Бангладеш құрамаларымен бақ сынайды.
Бұған дейін волейболдан Қазақстан құрамаларының да қарсыластары анықталған болатын. Ерлер құрамасы А тобында Жапония, Пәкістан және Өзбекстанмен ойнайды. Әйелдер құрамасы В тобында Қытай және Филиппин құрамаларымен кездеседі.
Еске салайық, Қазақстан қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионатында екі күміс медаль жеңіп алғанын хабарлағанбыз.