Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетті

АСТАНА. KAZINFORM – Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: ҚФФ

ҚФФ бас бапкердің отставкасын өкінішпен қабылдап, шешіміне құрметпен қарады.

Команда тізгініндегі жұмысы барысында Талғат Байсуфинов құрамадағы барлық кезеңі арасында ең үздік нәтижені көрсетті. Оның ішінде әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиямен өз алаңымызда тең түсті. Оның жетекшілігімен команда өз күшіне деген сенімділікті қайтарып, ФИФА рейтингіндегі орнын жақсартты.

— ҚФФ Талғат Байсуфиновке кәсібилігі, ісіне деген адалдығы және Қазақстан ұлттық құрамасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ оған алдағы кәсіби қызметінде сәттілік тілейді, — делінген хабарламада.

Бапкерлер штабын жасақтау бойынша алдағы қадамдар туралы қосымша хабарланады. Ұлттық құраманың алдағы матчтарға дайындығы қалыпты күйде жалғасады. 

Айта кетелік Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне үшінші рет тағайындалған еді