АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ерлер құрамасының Дэвис кубогінің II әлемдік тобы аясында Таиландқа қарсы өтетін матчқа қатысатын теннисшілер құрамы белгілі болды.
Қазақстан сапында Александр Шевченко, Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Бейбіт Жұқаев және Әмір Омарханов өнер көрсетеді.
Қазақстан — Таиланд матчы 18-19 қыркүйекте Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының хард корттарында өтеді.
Кездесу бес ойыннан тұрады: төрт жекелей және бір жұптық матч.
Матчта жеңіске жеткен команда 2027 жылғы Дэвис кубогінің I әлемдік тобының плей-офф кезеңіне жолдама алады.
Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина US Open-де алғаш рет ширек финалға шыққанын хабарлағанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.