Клуб ресми түрде әлеуметтік желілерде Волковпен келісімшарттың тараптардың өзара келісімімен бұзылғанын мәлімдеді.
Бұған дейін БАҚ өкілдері хоккейшінің командадан кетуін оның негізгі құрамда тұрақты ойыншы ретінде орныға алмауымен және «Номад» фарм-клубындағы шектеулі рөлімен байланыстырған болатын.
Еске салайық, бүгін Астанада Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» пен «Нефтехимик» командалары кездеседі.
Ойын жергілікті уақыт бойынша 19:30-да басталады.